Жаңалықтар тізбегі
0

Қатты аязға байланысты жолда қалып кетіп жатқан көліктер әлі көп

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2023 14:35 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығынан трассада қалып қойған 800-ге жуық автокөлікті полицейлер Астанаға және Павлодар облысымен арадағы шекараға дейін алып жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарлы боран салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 12 қаңтарда Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданды. Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.

13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: