Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында мемлекеттік қорықша аумағынан ақбөкен аулаған екі ер адам ұсталды

Жамбыл облысы, ақбөкен, броконьер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2023 15:57 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының полицейлері "Аңдасай" ерекше қорғалатын мемлекеттік табиғи қорықша аумағында "Киік" республикалық шарасын өткізу барысында ақбөкен аулап жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру кезінде ұсталғандардан ақбөкеннің кесілген тушалары, екі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрілер мен пышақ табылып, тәркіленді, деп жазды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

Күдікті Мойынқұм ауданының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты.

"Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігімен ("Заңсыз аңшылық") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды".Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі


Бұл қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: