Астанада жеделсаты ішінде әйелін соққыға жыққан ер адам 10 тәулікке қамалды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2023 21:57 Сурет: polisia.kz
Астанада жеделсаты ішінде күйеуі өзін ұрып-соғып жатқанда әйел адам 102 нөміріне хабарласып, көмек сұрап үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, "102" арнасына елорданың 36 жастағы тұрғыны өзін күйеуі ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"42 жастағы ер адам жеделсатыға кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып-үркітіп, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, ер адамның жұбайына бұл бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізілетіні нақтыланады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: