Таразда бұрынғы күйеуін өлтіріп, сотталған әйел жазадан босатылды
Сурет: Zakon.kz
Таразда тұрмыстық жанжал кезінде әйел қорғанамын деп күйеуіне пышақ салып, өлтіріп алған. Ол "Кісі өлтіру" бабы бойынша сегіз жылға сотталған еді. Бүгін, 2 ақпанда апелляциялық сот үкімді өзгертіп, әйелді босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құқық қорғаушы Дина Смайылованың айтуынша, сот істі ҚР ҚК-нің 112-бабы - рұқсат етілген қорғаныс шегінен асыру бойынша қайта саралап, сотталған адамды қамаудан босату туралы қаулы шығарды.
2022 жылдың қарашасында үш баланың анасы Елена Выродова қорғану кезінде бұрынғы күйеуін өлтіріп алғаны үшін 8 жылға сотталды.
Смайылованың әлеуметтік желідегі жазбасында келтірілген дерекке сәйкес, оқыс оқиға жазда болған. Ер адам оның үйіне келеді. Бірақ әйел үйде болмайды, есікті ұлы ашады.
"Ол алкогольге бас қойып, туған күнін ары қарай тойлайды, ал ұлы жаттығуға кетіп қалады. Жұмысынан оралған әйел одан кетуін талап етіп, арада жанжал басталады. Ер адам бұрынғы әйелін соққыға жығып, тұншықтыра бастайды, қолына пышақ алады, бірақ онысы сынып қалады. Сол кезде әйел өзін қорғауға мәжбүр болып, басқа пышақты алып, оған өзіне жақындамауды сұрайды, бірақ ол бәрібір оған тап береді. Сол кезде пышақ оның қарнына тиеді. Ол тынышталып, балкондағы орындыққа барып отырып, сәлден кейін көз жұмған. Әйел оқиға орнына полицияны шақырады, ол бірден қамауға алынады", - деп жазады Смайылова.
Туыстары ажырасқаннан кейін де ер адам әйелге маза бермегенін, ұрып-соғу жалғаса бергенін, өміріне талай қауіп төнгенін айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript