Таразда жедел жәрдем диспетчерлерінің салғырттығынан әйел қайтыс болды

Таразда жедел жәрдем келмеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 09:40 Сурет: видеодан скриншот
Таразда жанжал шықты. Жедел жәрдем шақырған әйелдің хабарына құлақ аспаған диспетчер, оны маскүнем деп қателескен. Жедел жәрдем дер кезінде келмей, келіншектің жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

46 жастағы Людмила Остапенко өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда ауырып тұрған әйелдің дауысы диспетчерге оғаш көрінді. Ол әйелден алкоголь туралы бірнеше рет сұрады. Нәтижесінде: үш мәрте жедел жәрдем шақыртқан, 40 минуттан кейін келген ақ халаттылар әйелді аман алып қала алмаған. 

Ауруханаға жеткізілген кезде Людмиланың жүрегі тоқтап қалған. Кардиологиялық орталықта дәрігерлер келіншектің көз жұмғаның растаған. Енді отбасы мүшелері кінәлілердің барлығын жазалағысы келеді.

Жедел жәрдем станциясында кімнің не кінәлі екеніне жауап беру әлі қиын. Олар тіркеліп жатырмыз дейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: