Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінде ер адамды атып өлтірді

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2023 12:25 Сурет: polisia.kz
26 ақпан күні Петропавл полиция басқармасының 102 нөміріне облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған, алайда алған жарақатынан қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті Петропавл полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қажетті бірнеше сараптамалар тағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: