Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жәбірленуші: Үлкен, не кіші қызыңды өлтіреміз

Сот отырысы Сурет: Zakon.kz
Сотта Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сұрақ-жауап алу кезінде жәбірленушілердің бірі өзін қалай ұрлап әкеткенін және акцияларын өтеусіз негізде басқаға жазуды қалай талап еткенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші Айгүл Мекешева Гүлмира Сатыбалдымен алғаш рет 2013 жылы танысқанын айтады. Содан кейін Мекешеваға Сатыбалды отбасына тиесілі компаниялардың бірінен жұмыс ұсынылады. Кейін Айгүл Мекешеваға өзінің 5% акциясын берсе, сыйақысына "Maxi Bottlers" компаниясының 75% акциясының номиналды егесі атану туралы Гүлмира Сатыбалдыдан ұсыныс түседі. Бірақ сыйақының орнына Айгүл Мекешевадан барлық акциясын басқа адамға қайта жазу талап етіледі. Көп ұзамай оны ұрлап әкетеді.

"2020 жылдың 1 қазанында кешкі уақытта үйге қайтып келе жатқанмын. Подъезде мені зор денелі екі бейтаныс адам күтіп алды. Олардың бірі өзін Рашид деп таныстырды (Рашид Өтебеков - сотталушылардың бірі), сөйтіп өздерін Гүлмира Сатыбалдының адамдары екенін айтты. Мен қорқып кеттім, жаман нәрсені ішім сезді. Оларға подъезге кіруді өтіндім, ол жер жарық болатын, консьерж де отырушы еді". Айгүл Мекешева

Айгүл Мекешеваның айтуынша, оған өзі тұратын қабатқа көтерілуге рұқсат етілген, бірақ пәтеріне кіргізбей қояды. Өзін Рашид деп таныстырған ер адам оның телефонын тартып алып, жеделсатыға сүйреп кіргізіп, қайтадан бәрі төменге түседі. Төменде оларға бетперде таққан ер адамдар қосылады. Жәбірленушінің айтуынша, солардың бірі оны иығына салып, үйден көтеріп алып шығып, көлікке тыққан.

Сотта Айгүл Мекешева қаскөйлер өзін Гүлмира Сатыбалдының үйіне апарғанын мәлімдеді. Онда жәбірленушіні қорқытып-үркітіп, қараңғы жертөледе ұстаған. 

"Біраз уақыттан кейін маған Гүлмира Сатыбалдының "оң қолы" Әйгерім Сыздықова келді. Шынымды айтсам, бұған қуанып қалдым. Оған осы "шоудың" не керегі барын сұрадым, егер олар менен дұрыстап сұраса, мәселе подъезде-ақ шешілетін еді ғой дедім. Ол мұның барлығы Гүлмира Сатыбалдының тапсырмасы, оны бұжытпай орындау міндет екенін айтты. "Айғай-шу шығармай, дереу қол қойғаныңыз дұрыс, әйтпесе дене жарақатын аласыз. Үлкен қызыңыз ба, әлде кішісі ме, таңдаңыз. Егер қазір қол қоймасаңыз, біз соның бірін өлтіреміз", - деді". Айгүл Мекешева

Осындай жағдайлардан кейін Айгүл Мекешеваның айтуынша, өзіне қол қоюға қажетті құжаттар берілген. Онда нотариустың мөрі қойылған акцияларды сатып алу-сату шарты да болған. Құжаттарға қол қойғаннан кейін оны үйіне апарып тастаған. Сондай-ақ, жәбірленушінің айтуынша, жолда ер адамдар, егер ол құқық қорғау органдары көмегіне жүгінсе, балаларды өлтіретінін айтып қорқытқан. Айгүл Мекешева өзінің ұрлануына қатысты полицияға арызданғанын мәлімдеді, тергеу басталғанымен, бірақ іс әлі алға жылжымаған.

Ұрлау эпизодын сотқа дейінгі тергеу деректері де растады, бұл туралы мемлекеттік айыптаушы Азамат Сәрсембаев сотта хабарлады. Оның айтуынша, Гүлмира Сатыбалды Мекешеваны бір топ адамның көмегімен ұрлауды ұйымдастырған, олардың арасында оның жүргізушісі Батыршаев та болған.

Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша негізгі сот талқысы 14 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында басталды.

Сотта Гүлмира Сатыбалды өзінің кінәсін толық мойындамайтынын айтты. Іс бойынша басқа сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау және өз еркімен әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды деп айыпталады. Сотта бизнесін рейдерлік жолмен басып алғанына арызданған екі жәбірленуші бар. Келтірілген залал сомасы 6 млрд теңгеден асады.

Гүлмира Сатыбалды 16 наурызда Астанада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: