Түркістан облысында жас жігіттер аспанға оқ атқан

Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 22:49 Сурет: видео скрині
Түркістан облысында аспанға оқ атқан жас жігіттер анықталды. Оқиға 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болған, деп хабарлады Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, туған күнге жиналған жастар қызық үшін аспанға оқ атқан. Айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды.

Қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталды. Олар Жетісай  тұрғындары болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: