Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды
Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды. Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.
"Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатынды".Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Меркі ауданындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript