Алматының шетінен қару салынған сөмке табылды

қару жарақ табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2022 14:00 Сурет: Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі
Алматының Алатау ауданындағы кірпіш зауытының жанынан қару-жарақ қоймасы табылды. Оқ-дәрілер үлкен спорттық сөмкеге ұқыпты салынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәркіленген арсеналға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен алынған оқ өтпейтін жилет пен темір қалқан табылды. Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл ретте жасырынған жердің «авторын» анықтау бойынша кешенді жедел-арнайы шаралар жүргізілуде. Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: