Құқық қорғау органдары, прокуратура мен соттың жұмысын реттеуші заңға қол қойылды
Сурет: Zakon.kz
Президент «ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның негізгі міндеті – қылмыстарды тез ашу, қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әділ сот талқысын жүргізу, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша кепілдікті арттыру мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын тиімді қолдануды көздейтін құқықтық тетіктерді оңтайландыру.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript