Аида Балаева ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 18:00 Сурет: primeminister.kz
Аида Балаева ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жарлықта: "Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын," – делінген.

Білімі:

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

  • 2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

  • 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

  • 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

  • 2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

  • 2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

  • 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

  • 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

  • 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

  • 2020 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: