Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды. Ақорда
Серік Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі мен білігі:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1990 ж.)
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген (1997 ж.)
Еңбек өтілі:
1992-1997 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның заң қызметі басшысы.
1997-2003 жж. – «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бас директоры, «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2003-2013 жж. – энергетика саласында әртүрлі қызметтер атқарған: «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ президенті, «Маңғыстау электр таратушы желілік компания» АҚ басқарма төрағасы, «Қызылорда электр таратушы желілік компания» АҚ басқарма төрағасы.
2013-2015 жж. – мемлекеттік органдарда: Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сарапшы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің бас инспекторы.
2015-2019 жж. – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 1 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы.
2020 жылы 6 сәуірден бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
Қазақстан Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына 2020 жылы 8 сәуірде тағайындалды.