Ерлан Ыдырысов үш елдің елшілігіндегі қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, делінген құжатта.
63 жастағы Ыдырысов Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) халықаралық экономикалық қатынастар факультеті (1976-1981);
КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1990-1992), халықаралық маман.
Еңбек өтілі:
КСРО Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Тяжпромекспорт» бірлестігінің референт-аудармашысы, Карачи (Пәкістан) (1981-1985).
Консулдық бөлімнің екінші хатшысы, бірінші хатшы – министрдің көмекшісі, баспасөз және ақпарат басқармасының бастығы, халықаралық экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесші, Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама басқармасының бастығы (1985-1990) .
Үндістандағы КСРО елшілігінің сыртқы саяси тобының мүшесі (1991).
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы (1992-1995).
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка департаментінің бастығы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (1995-1996).
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (01.1996-01.1997).
Қазақстан Республикасы Министрінің бірінші орынбасары, департамент директоры, Сыртқы істер вице-министрі (01.1997-12.10.1999).
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (13.10.1999-28.01.2002).
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші вице-министрі (28.01.2002-13.06.2002).
Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, бір мезгілде Қазақстанның Швециядағы, Норвегиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (14.06.2002-03.07.2007);
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.07.2007-09.2012);
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (11.09.2007-07.2012);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (09.2012; қайта тағайындалды - 04.04.2014 ж.; қайта тағайындалды - 30.04.2015, қайта тағайындалды - 09.13.2016 - 28.12.2016).
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2017 жылдан бастап).
Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (08.2017 ж. бастап).