Мемлекеттік хатшы Тоқаевтың Екінші республика деген сөзіне түсініктеме берді
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Тоқаевтың осы құттықтау сөзіндегі "Екінші республика" деген жеріне түсінік берді.
Ол "Екінші республика" және "Жаңа Қазақстан" ұғымдарының мағынасы бір екенін атап өтті. Жаңа Қазақстан - ел болашағының бейнесі. Бұл арада қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз болып отыр.
Дегенмен, бұл қаңтардағы оқиғалардан немесе Жолдаудан кейін біз автоматты түрде Жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді. "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасын таныстыра отырып, президент ұлттық құрылыстың таяу келешекке арналған жаңа мақсатын белгіледі. Бір сәтте, бір түнде Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Бұл - қоғамдық қайта құрудың терең әрі ұзақ процесі. Ерлан Қарин
Карин Тоқаевтың суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламентке сүйенетін президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы бастамаларын еске салды. Осыған байланысты Конституцияның 30-дан астам бабы мен 20 заңда өзгеріс енгізу көзделген.
Сондықтан, тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару моделінің өзгерісі ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және әлеуметтік даму парадигмасының өзгерісі басталды деп айтуға болады. Бүгін президент бұл процесті нақты айқындау үшін "Екінші республика" анықтамасын қолданды. Сонымен қатар, Екінші республика – бұл өте жақын және нақты мақсат, өйткені Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды жүзеге асыру осы жылдың ішіне жоспарланып отыр. Ерлан Қарин
Қорыта келгенде, Мемлекеттік хатшы Жаңа Қазақстан – қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші республика – мемлекеттік модельдің жаңаруы деп сөзін нақтылады.