Тоқаев пен Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2022 22:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, әңгіме басында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, содан кейін келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.  

Түркия көшбасшысы Қазақстан Президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізді. 

Сонымен қатар Мемлекеттер басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де жан-жақты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалады.

Екі ел басшыларының әңгімесі дәстүрлі достық рухында өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: