Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 19:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентінің құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін атап өтті.

Тараптар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: