Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін халықаралық экономикалық форумға қатысады

ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті аяқталғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы мен алдағы іс-шаралар кестесі талқыланды.
Қазақстан Президенті РФ-мен арадағы сауда және саяси ынтымақтастық қарқынын атап өтті.
Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін халықаралық экономикалық форумға және Екатеринбургтегі көрмеге қатысады деп жоспарланып отырғанын айта кетелік.
Айта кетсек, 16 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты. Мәскеуде өткен бұл саммитте ҰҚШҰ елдерінің басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript