Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты – Тоқаев
Сурет: wikimedia
Жаңа құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды. Президент баяндамасында облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент жаңа облыстың әл-ауқаты жақсара түсетінін айтты.
Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады. Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript