Мемлекет басшысы: Қазақстан өзінің стратегиялық бағытына берік
Сурет: senate.parlam.kz
Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, геосаяси турбуленттілік пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында бұл кездесу Орталық Азия елдерінің біртұтастығын көрсетеді, жаңа сын мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды.
Біздің қарым-қатынастарымыздың ерекше сипаты бүгінде қабылданған, мазмұны мен тарихи перспективасы жағынан бірегей болып табылатын ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту жөніндегі Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартта бекітілген. Бұл тарихи құжат бес бағыттағы стратегиялық серіктестігіміздегі жаңа белесті белгілейді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент өз сөзінде «Қазақстан аймақтық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға, Орталық Азияның әлемдік аренадағы рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық бағытқа берік» деп сендірді.
Бүгінде Орталық Азияның ең маңызды миссиясы – менің ойымша, жаһандық саясат пен экономиканың бәсекелес полюстері арасында көпір орнату.Қасым-Жомарт Тоқаев
Айта кетейік, 20 шілдеде Қазақстан президенті Шолпан-Атаға барған.
Кейіннен Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиеев Ыстықкөлдегі «Дордой Номад» мәдени орталығында болғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript