Кейінгі 50 жылда Орталық Азиядағы мұздықтар 20-30% азайған
Сурет: unsplash
Шолпан-Атада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалық кеңсесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі заманғы климаттық сын-қатерлер, су-энергетикалық ресурстарға сұраныстың артуы Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шешуші шаралар қабылдауды талап етеді. Климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық комиссияның есебіне сай біздің аймақтағы температура планетадағы орташа деңгейден әлдеқайда жылдам көтеріледі.Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы атап өткендей, «климаттың өзгеру процестері біздің өңір үшін негізгі су көзі – мұз алаңдарының қысқаруына алып келеді».
Кейінгі 50 жылда Орталық Азияда олардың көлемі 20-30% азайды, бұл болашақта Сырдария мен Амудария өзендерінің ағынын айтарлықтай азайтады.Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президентінің айтуынша, осының барлығы «аймақтың азық-түлік, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігіне елеулі әсер етеді. Сондықтан шұғыл түрде бірлесіп атқаратын шаралар қажет.
Осы орайда біз Қырғызстанның 2022 жылды Халықаралық тауларды тұрақты дамыту жылы деп жариялау туралы бастамасын құптаймыз. Сонымен қатар Тәжікстанның 2025 жылды Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы деп жариялау туралы ұсынысын дер кезінде қарастырамыз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы «күш-жігерімізді біріктірмей, Орталық Азиядағы климат өзгерістерінің зардабын енді еңсеру мүмкін емес екеніне сенімді».
Сондықтан бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында біз қоршаған ортаны қорғау және аймақтағы климаттың өзгеруі бойынша келісілген саясатты жүзеге асыру бойынша Орталық Азия елдерінің Жобалық кеңсесін құруды ұсынамыз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript