Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақордада жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.
Сонымен қатар мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Айта кетейік, бір күн бұрын Ресейдің Ульяновск облысында оқыс оқиға орын алып, 16 адам қаза тапты, оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Бұқаралық ақпарат құралдары бес әйел (31, 27, 46, 24, 42 жаста), тоғыз ер адам (36, 32, 46, 22, 23, 25, 23, 44, 26 жаста) қайтыс болғанын жазып жатыр. Үш қырғызстандық (41 жастағы әйел, 21 және 29 жастағы ер адамдар) аман қалды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланды.
Қырғызстанда қаралы күн жарияланды.