Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2022 10:39 Сурет: akorda.kz
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президенттің БОРТ N1 Telegram-дағы каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 тамызда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: