Тоқаев Өмірзақ Шөкеевтің отставка туралы өтінішін қабылдады

Өмірзақ Шөкеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2022 11:58 Сурет: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалғаны хабарланды. Дархан Сатыбалды 1974 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған. 2019 жылдан бастап Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған.

 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: