Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 22:15 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 26 қыркүйекте Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепке қара киімдегі ер адам қарулы шабуыл жасады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 15 адам оққа ұшқан, оның 11-і оқушы, одан бөлек 24 адам зардап шеккен. Кейін оқ жаудырған адамның денесі табылды, алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол салған. 34 жастағы ер адамның кезінде осы мектепте оқығаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: