Тоқаев: Қоғамдық-саяси күштердің коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады
Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлау туралы сөз қозғап, белгілі бір ұйымнан емес, қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатыспақ ойы бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатқанын атап өтті.
Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқанды орынды деп есептейтінін айтты.
Бұл мемлекет басшысының түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев
Ол "сайлау науқанын заңдарды қатаң сақтай отыра өткізуді қамтамасыз ету маңызды" екенін айта келе, мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік беретінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript