Құрылтай сайлауы және жаңа саяси мәдениет: Тоқаев маңызды өзгерістерді атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Құрылтай сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 14:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Құрылтай сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент сайлауға қатысқан партиялардың тізіміне тәжірибелі мамандармен қатар саясатқа жаңадан келген азаматтар да енгеніне назар аударды. Олардың арасында қабілетті жастар мен Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері бар.

"Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы саяси партиялардың сайлау науқаны кезіндегі белсенділігіне, идеологиялық ұстанымдары мен кәсіби деңгейіне де тоқталды.

"Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды", – деді Президент.

Оның айтуынша, сайлаушылар да саяси науқанға белсенді араласып, түрлі мәселелер бойынша өз пікірлерін ашық білдірді. Бұл үгіт-насихат кезеңіндегі ұлттық теледебаттар мен ақпарат алаңындағы ашық пікірталастардан анық байқалған.


"Осылайша, қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік және пікір алуандығы құндылықтары орнығып жатыр, жаңа саяси мәдениет қалыптасуда", – деп қорытындылады Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: