Сыпатаев "Еліміздің бірлігі шегедей мықты болсын" деп темірден түйін түйіп, президентке берді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматы облысы жұртшылығымен кездесуден кейін Дінмұхамед Қонаев ескерткіші жанындағы аллеяда қаланың қалыптасуына үлес қосқан еңбек ардагерлерімен, республикаға, облысқа танымал спортшылармен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Александр Чжен қалаға Қонаевтың есімін бергені үшін президентке алғыс айтты.
«Огни Алатау» газетінің бұрынғы журналисі, жазушы Владимир Таран Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қапшағай қаласы туралы өзі жазған «Солнечный город. Страницы истории» кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, Президентке тарту етті.
Президент Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы шешімі өңірді өркендету үшін маңызды қадам болғанын атап өтіп, енді қала одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript