Жаңалықтар тізбегі
0

Президент: Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайық ескерткіш жоқ

Абай Құнанбайұлының ескерткіші, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 11:03 Сурет: president.kg
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысы жұртымен кездесуде ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек екенін, cонымен қатар тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше Жетісу облысында Абайға арналған лайық ескерткіш жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыру қажет.

Тағы бір мәселеге арнайы тоқталғым келіп отыр. Бүгінде ұлы Абайдың кесенесі – еліміздегі ең танымал нысанның бірі. Алайда Жетісу облысында Абайға арналған бірде-бір лайықты ескерткіш жоқ. Бұл – ұят нәрсе, үлкен олқылық. Оны түзету керек.Мемлекет басшысы

Сонымен қатар Тоқаев қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановты әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек деп есептейді. Алтынемелде қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың мәңгілік мекені бар екені барша жұртқа белгілі. Шаңқанай ауылында оның ескерткіші, мұражайы бар.

Жергілікті жұрт қазақтың ұлы перзенті жерленген жерді қараусыз қалдырмаған. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Біз Шоқанды әлемдік деңгейде дәріптеуіміз керек. Жалпы, біз ұлы перзенттерімізді құрметтей білуіміз керек. Мұндай тарихи орындар туралы үнемі айтып, ұрпаққа таныстырып отыру қажет.Президент

Мемлекет басшысы осы тақырыпты қозғай келе тағы бір мәселеге тоқталды. Дәлірек айтсақ, ол жат жерде жерленген ұлы бабаларымызды ұмытпауымыз керек екенін баса айтты.

Ел тарихында ерекше орын алатын көптеген тұлғаларымыз шетелде жерленген. Ұлтымыздың ұлы перзенттері Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан Сирияның Шам шаһарында жатыр. Қазақтың әйгілі үш биінің екеуі – Төле би мен Әйтеке бидің зираты – Өзбекстанда. Құрманғазы мен Бөкей ханның кесенесі Ресей жерінде. Жат жерден топырақ бұйырған басқа да көптеген тарихи тұлғаларымыз бар. Әрине, олардың бәрінің сүйегін елге алып келу мүмкін емес. Ондай мақсат та жоқ. Бірақ, тағдырдың жазуымен жат жерде қалған ұлы бабаларды ұмыт қалдырмау – біздің азаматтық парызымыз.Қасым-Жомарт Тоқаев

20 қазанда мемлекет басшысы Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды. Ол Талдықорған жұртымен кездесуде юірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалы ашылатынын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: