Президент: Ескерткіш қоя бергеннен көрі спорт және медицина нысандарын салу қажет
Сурет: pixabay
Атырау жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Cпорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі" деген Мемлекет басшысы өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет екенін айтты.
Сонымен бірге республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек, - деді Президент.
Президент көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамыту қажет екенін тілге тиек етті. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа.
Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдікке осы шаруаларды пысықтауды тапсырамын.Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ ол ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет екенін баса айтты.
Бұл – Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript