Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қайта тағайындалды

Олжас Бектенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2022 10:30 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қарашадағы жарлығымен Олжас Бектенов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің О.А. Бектеновті тағайындау туралы 28 қарашадағы жарлығын Ақорда жариялады.

Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».

Еңбек өтілі:

  • 2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.

  • 2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.

  • 2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасады.

  • 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

  • 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

  • 2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.

  • 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

  • 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

  • 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

  • 2019-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.

  • 2022 жылдың ақпанынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: