Жаңалықтар тізбегі
0

Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды

Әсет Ерғалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2022 10:54 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының 28 қарашадағы жарлығымен Әсет Ерғалиев қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әсет Арманұлы Ерғалиев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, - делінген хабарламада.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген, сол жылы халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Йонкопинг Бизнес мектебін халықаралық экономика саласындағы ғылым бакалавры дәрежесімен аяқтаған. Йорк және Ноттингем университеттерінің экономика ғылымдарының магистрі және философия магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін - Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы.

  • 2013 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры лауазымдарын атқарған. Аталған құрылымда 2016 жылдың басына дейін вице-президент, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

  • 2016 жылғы ақпан айында ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

  • 2016 жылғы қазан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалған.

  • 2017-2018 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Жобалық басқару орталығының меңгерушісі лауазымын атқарған.

  • 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурыз аралығында ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

  • 2019 жылғы наурыздан тамыз айына дейін ҚР премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

  • 2019-2021 жылдары ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі лауазымын атқарды.

  • 2021 жылғы қаңтардан 2022 қаңтарға дейін ҚР ұлттық экономика министрі.

  • ҚР президентінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: