Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Өзбекстан және Түрікменстанмен төтенше жағдайлардағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Тоқаев заңға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 16:48 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Түрікменстан Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
  • "Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
  • Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Келісім қауіпті техногендік және экологиялық процестердің, табиғат құбылыстарының мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға, оның ішінде алғашқы медицина көмегін көрсетуге халықты дайындауды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуды қарастырады.

Сонымен қатар мұндай келісім трансшекаралық аумақтарда болған жер сілкіністерінің зардаптарына бірлескен макросейсмикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау, тағылымдамадан өтушілерді, оқытушыларды, ғалымдар мен мамандарды алмасу бойынша ынтымақтастықты қарастырады.

Сонымен қатар президент «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: