Жаңалықтар тізбегі
0

Эльвира Әзімова Конституциялық соттың төрағасы лауазымына 1 қаңтардан бастап тағайындалды

Эльвира Әзімова жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2022 10:21 Сурет: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Эльвира Әзімова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды", - делінген хабарламада.

Эльвира Әзімова 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы халықаралық заңгер мамандығы бойынша Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады.

1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болып істеді.

1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры қызметін жүзеге асырды.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары болды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: