Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркиядағы зілзала қауіп-қатерге қашанда дайын болу қажеттігін көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Түркиядағы зілзала қауіп-қатерге қашанда дайын болу қажеттігін көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 17:54 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитіне қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президентінің сөзінше, қазір жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды.

Осындай күрделі кезеңде Қазақстан гуманитарлық шаралардан шет қалған емес. Еліміз табиғи апаттан зардап шеккен елдерге үнемі қолдау көрсетеді, -деді президент. 

"Біз қаржылай және тауар түрінде гуманитарлық көмек берумен ғана шектеліп қалмаймыз. Бұдан бөлек, құтқарушыларды жіберіп, апат салдарын жоюға белсене атсалысамыз. Жалпы, түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек. Сондай-ақ, Ұйым хатшылығы және мүше мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайта түсу қажет." Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің пайымдауынша, алдымен табиғи апаттың алдын-алу үшін күш жұмылдыруымыз керек. Түркиядағы зілзала қауіп-қатерге қашанда дайын болу қажеттігін көрсетті. Сондықтан, ұйым аясында Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынамын. Оны Алматыдағы Төтенше жағдайлар және алапат жер сілкіністерінің қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың негізінде ашуға болады.


"Бұл орталықты 2016 жылы Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері құрған. Бірлескен күшке Ұйымның Азаматтық қорғаныс хатшылығы мәртебесін берген жөн деп санаймын. Ол апаттан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жұмыстарын үйлестіретін болады. Осы құрылым аясында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылады." Президент

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: