Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын

Түркия, саммит, жер сілкінісі, апатты аймақ Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде сөз сөйлеп, Қазақстан апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөзін "Түркияға үлкен ауыртпалық әкелген аса жойқын жер сілкінісіне байланысты жиналдық" деп бастаған Қазақстан басшысы марқұмдардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты.

"Алапат зілзаланың зардабын тартқан Түрік елінің қайғысы – барша түркі жұртының қасіреті деп білемін. Қазақта «Қайғыны бөліссең – азаяды» деген сөз бар. Ағайынның басына күн туғанда біздің халқымыз ешқашан қол қусырып отырмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан халқы бірден түрік бауырларға қол ұшын созғанын, құтқарушыларымыз және дәрігерлеріміз дереу көмекке аттанғанын атап өтті.

"Қажетті құралдармен жабдықталған ең тәжірибелі, білікті мамандарымыз құтқару жұмысына атсалысты. Бауырлас елге гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда, мемлекет басшысы қазақ елі апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін жеткізді.

"Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін", – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: