Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда пара алған полиция подполковнигі сотталды

Парақорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2023 12:08 Сурет: Zakon.kz
Бұрынғы полиция подполковнигі Тәжікстан азаматынан 300 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың басында Бейнеу ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі құқық қорғау органының қызметкері лауазымында бола тұра қасақана, пайдақорлық ниетпен Тәжікстан Республикасының азаматынан қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны пара ретінде жеке өзі алған, делінген Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ҚР ҚК-тің 366-бабының 1-1-бөлігінің санкциясында  құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30- еселенгеннен 50 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Сот сотталушы Е-ның өз кінәсін толық мойындауын, шын ниетімен өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.

 

Сотталушы Е-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларға кәсiби антын бұзу мен өзінің қызмет бабын пайдаланып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныған. Нәтижесінде сот үкімімен Е.  ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған параның 25-еселенген сомасы мөлшерінде 3 474 825 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Алайда күзетпен ұстауда болған мерзімін есепке алып, түпкілікті 2 384 625 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: