Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш қаласында арнайы операция өтті: 12 адам ұсталды

Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 18:58 Сурет: Zakon.kz
Өткен демалыс күндері арнайы құрылған жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің күштік қолдауымен Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларының аумағында осы қылмыстық бизнеске қатысушыларды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел уәкілдер Астана, Көкшетау және Қарағанды қалаларының аумағында есірткіні жасырып кету арқылы таратумен айналысқан 12 адамды анықтады. Олар “Telegram” қосымшасында жұмыс істейтін үш интернет-дүкен арқылы әрекет еткен.

Олардың қатарында ұйымдастырушы, оператор, бухгалтер, интернет-есірткі дүкенінің әкімшісі, сондай-ақ 7 есірткі жасырып кетуші (“өлшеп, ораушылар”, “қоймашылар”, “кладмендер”) бар.

12 мекенжай бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде 3 келіден астам гашиш, сонымен қатар дайын орамдар, есірткіні буып-түюге және қолдануға арналған түрлі құрылғылар, қылмыстық бизнеске қатысты құжаттамалық растамасы бар техника мен ұялы телефондар, сондай-ақ интернет-дүкендердің қаражат қозғалысы туралы жазбалар тәркіленді.

Ұсталған есірткі жасырушылардың қатарында Көкшетау қаласының 17 жастағы тұрғыны да бар. Сонымен қатар, жедел уәкілдер есірткі жасырушылардың бірінің анасын, яғни топтың қылмыстық бизнесіне қатысы бар 42 жастағы әйелді ұстады.


"Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қылмыстық топтың 10 мүшесі қамауға алынды. Екі адамға қатысты “келу туралы міндеттеме” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу). Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет, аса ірі мөлшерде, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасалған бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Тергеу шаралары жалғасуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: