Жаңаөзендіктер билікпен арада жүргізіліп жатқан келіссөздерге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді
Мұнайшыларды танытушы өкілдер "Қазжол" қонақ үйінде баспасөз мәслихатын өткізді. Оған қатысушылар "ҚазМұнайГаз" басшылығымен арада өздерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздердің барысы туралы айтты.
"Біз алға тартқан барлық талап, қазір бір де бір мәселе толық шешімін таппаған, өйткені ҚМГ-ның мәселені шешуге құзыреті жетпейтін болып шықты. Бізге қазір облыс, облыс әкімі деңгейінде әртүрлі ведомстволармен және компаниялармен жұмыс тобын құра отырып, осы мәселелерді шешу ұсынылды, онда да ресми ұсыныс емес. Біз әлі ресми шақыру алған жоқпыз, бұл ресми ұсыныс емес", - деді мұнайшылар өкілдерінің бірі Есенжан Әбдірахманов.
Оның айтуынша, осы ұсынысты бұйрықпен немесе басқа құжаттармен растаған кезде олар бұл мәселені өңірлік деңгейде талқылауға дайын.
Сондай-ақ ол митингіге қатсушылар түрлі компаниялардың басшылары үшін мемлекетке қысым жасаушы құрал болуы мүмкін емес екенін жоққа шығармайтын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке жауап берді.
"Біз мұндай митингілерде бірнеше рет болғанбыз, яғни тәжірибеміз бар. Біз Астананың суық екенін білеміз, сондықтан бірнеше адам өздерімен бірге ұйықтайтын қапты да алып келген. Кейбіреулері оны сол арадан сатып алды. Ешқандай тасымалдау болған жоқ, бізге ешкім билет сатып алып берген жоқ, өз есебімізден пойызбен және автобуспен келдік. Бәріміз бір компанияда жұмыс істейміз және бір-бірімізбен татумыз. Сондықтан "Бер Әли" компаниясының басшылығы билеттерді сатып әперді және біз олардың сойылын соғамыз деген ақпаратты жоққа шығарамыз. Ол өтірік. Бізге тұрақты жұмыс орны, ЕТБЖ (еңбекақы төлемінің бірыңғай жүйесі - ред.) арқылы төлем және ұзақмерзімді келісімшарт болса болды. "Өзенмұнайгаз" жұмысшылары 1,5 млн теңгеден жалақы алады, ал біздің жұмысшылар ең көп дегенде 800 мың теңге алады", - деп атап өтті Есенжан Әбдірахманов.
Оның сөзін бастамашыл топтың өкілі Нұрсұлтан Нұрымов та қолдады.
"Жалпы, мәселе жалақы мөлшерінде емес, Еңбек кодексі аясындағы еңбек жағдайында. Егер біз "Ай Бис" компаниясын мысалға алсақ, онда техника да, еңбек жағдайлары да жоқ. Біз мұнымен келіспейміз. Басқа компанияда да Еңбек кодексі шеңберінде ештеңе сақталмайды. Біз басқа компанияның шарттарымен де келіспейміз. Олар барлық 240 жұмысшыны жұмысқа ала алмайды, тек 120-130 жұмысшыны қабылдай алады дейді. Ал қалғандары не істейді Біз бұған да келіспейміз. Біз жұмыс істеуге дайынбыз, егер Еңбек кодексі сақталса, қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалса", - деді ол.
Сонымен қатар, Қайрат Құсмағамбетов ұсталғаннан кейін мұнайшыларға полиция бөлімшесінде күш қолданылғандығы туралы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.
"СОБР келгенде біз автобустарға өз еркімізбен отырмадық. Сол кезде СОБР-дан таяқ жеген жігіттер болды. Шамамен 10-20 адам. Адамдардың бір бөлігін пойызға отырғызып жіберді емес пе? Сол кезде түнде жолда кетіп бара жатып біз бұл туралы білдік. Бірақ қазір бәрі жақсы. Бірақ полиция бөлімшесінде ешкім соққыға жығылған жоқ. Көздің асты көгеріп, біреудің ерні жырылған, біреуді бүйрегінен оңдырмай тепкен. Сол кезде жігіттер бізге өздері айтты", - деді ол.
Бұған дейін Энергетика министрі мұнайшылармен келіссөздер барысы туралы айтқан болатын.
Астанадағы мұнайшылардың пикетіне қатысты "ҚазМұнайГаз" басшысы да пікір білдірген.
10 сәуірде елордада мұнай саласының сервистік компаниясы қызметкерлерінің тобы "ҚазМұнайГаз" АҚ ғимаратының алдында рұқсат етілмеген митинг өткізді. Олардың 11-і ұсталды. Бірақ кейінірек митингке қатысушылар мен билік органдары арасында келіссөздер жүргізілетіні хабарланып, жаңаөзендіктер үйлеріне қайтты.