Көкшетауда бір топ жастың төбелесі видеоға түсіп қалған
Сурет: видеодан алынды
Көкшетауда бір топ ер адамдар арасындағы жанжалдың соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 мамырда "Әскер-7" экипажы Көкшетау қаласын патрульдеу кезінде Әуелбеков-Сағдиев көшелерінің қиылысында жанжалдасқан бір топ жасты байқады.
Қоғамдық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында көкшетаулық полиция қызметкерлері шара қабылдап, нәтижесінде төрт ер адам полиция басқармасына жеткізілді.
"Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, қала тұрғындары мас күйінде болған. Сондай-ақ ұсталғандардың барлығы компьютерлік фирмалардың бірінің әріптес-қызметкерлері екені анықталды", деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Жанжалдың барлық қатысушылары ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript