Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте дәріханадағы жарылыс: Зардап шеккендерге өтемақы төленді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 00:25 Сурет: Instagram/turkistan_oblysy
Айта кетсек, сол кездегі жарылыс салдарынан үш адам опат болған: перзентхана күзетшісі, құрылыс компаниясының қызметкері және шала туған нәресте. Одан бөлек 15 адам жарақат алды, олардың арасында перинаталдық орталықтың қызметкерлері де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір жыл бұрын Шымкентте қайғылы оқиға орын алып, аурухана территориясындағы дәріханалардың бірінде жарылыс болды. Осы уақыт ішінде дәріхана ғимараты жөнделіп, дәрі-дәрмекпен байланысы жоқ бизнеске жалға беріліп үлгерген. Оған жақын маңнан автотұрақ бой түзеген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Айта кетсек, сол кездегі жарылыс салдарынан үш адам опат болған: перзентхана күзетшісі, құрылыс компаниясының қызметкері және шала туған нәресте. Одан бөлек 15 адам жарақат алды, олардың арасында перинаталдық орталықтың қызметкерлері де бар: санитарлар, медбикелер, сонымен қатар перзентханаға интернет орнатуға келген ер адам.

Ауруханааралық дәріхана өкілдері "зардап шеккендерге келтірілген залалды өтедік" деп сендіреді. 


"Шығын өтелді. Бес қабатты ғимарат та қалпына келтірілді, жөндеу жұмыстарын жүргізген компания шот-фактура жасады, шот-фактурадағы сома толығымен төленді, бүлінген көлік иелеріне де шығын өтелді". Ауруханааралық дәріхананың заңгері Нұржан Бакеев

Жарылыс толқыны көрші ғимараттарда да сезілді, олардың бірі - облыстық перинаталдық орталық. Онда науқастар мен медициналық қызметкерлер болған. Тұрғын үйлердің терезесінің әйнектері сынып, жеңіл көліктер де бүлінген. 

Жарылыстан көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер қатты зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде үй иесі балаларымен және анасымен бірге пәтерде болған еді. Бөлмелердің бірі бүтіндей қирап, көлік пен гараждағы өзге де мүлік бүлінген. Үй иелерінің айтуынша, дәріхана өкілдері екі ай ішінде залалды өтеген.


"Тұсқағаздарды, есікті ауыстырды, терезе әйнектерін де жасап берді. Тек мұнда сым перделер тағылмады, әйтпесе барлығы дұрыс. Гараж толығымен жөндеуден өтті. Шамамен 3 миллион теңгеге толығымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, гаражда сақталған ыдыс-аяқтарға да ақы төленді". Шымкент қаласының тұрғыны Үмітжан Мамакаримов


Полицияның айтуынша, үй ішіндегі бейнебақылау камераларының жазбалары сақталмаған, ал жарылыс болған ауруханааралық дәріхананың аумағын арнайы техниканың көмегімен тазартылған. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары сараптама жүргізуге, дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға тартылатын мамандарды таппай қиналған.

"2022 жылы 17 қазанда Жамбыл облысы бойынша сот сараптамалары институтынан жауап алдық. Институтта "өрт-жарылыс техникалық сараптама" мамандығы бойынша сот сарапшысы біліктілігі бар және қазіргі уақытта кезекті еңбек демалысында жүрген бір ғана сарапшы бар екендігі айтылды. Осыған байланысты институт сарапшылар тобын жинап бере алмайтынын айтты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта оқиға орны толығымен тазартылғандықтан және алдыңғы сараптамалардың қорытындыларымен келіспеуге негіз жоқ болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары орындаусыз кері қайтарылады. Өткен жылдың 26 желтоқсанында Әділет министрлігінен де жауап алынды, оған сәйкес қайтадан өрт-жарылыс техникалық сараптама жүргізу үшін негіз жоқ, өйткені бұрын қаулыда көрсетілген сұрақтарға толық жауаптар берілген болатын. 28 желтоқсанда қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. 29 желтоқсанда іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны қала прокурорының орынбасары Мырзахмедов мақұлданды", - деді Шымкент қаласы ПД-ның Анықтау басқармасы.


Құтқарушылардың айтуынша, ауруханааралық дәріханада 2 тонна сутегі тотығы болған. Трагедияға түрткі осы жағдай болуы мүмкін. Алайда, құқық қорғау органдары жарылыстың нақты себебін анықтай алмады. Қылмыстық іс тоқтатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: