Семейде TikTok арқылы полицейлердің жер-жебіріне жеткен азамат сотқа тартылды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2023 19:01 Сурет: видеодан алынды
Іс әлеуметтік желілердегі жала жабу бойынша есепке алынып, сотта қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, ол TikTok әлеуметтік желісінде былапыт сөйлеп, полицейдің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады. 
"Абай облысының мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен азамат ҚР ӘҚБтК 73-3 бабының 2-бөлігі - "Жала жабу" (басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан іс-әрекеттер) және 434-баптарында –  "Ұсақ бұзақылық" (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша кінәлі деп танылды", делінген хабарламада.

Ол 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: