Алаяқтар ақмолалық тұрғынның атынан несие рәсімдеген
Сурет: Zakon.kz
Зеренді ауданының тұрғыны шағын несие ұйымы алдындағы берешегі туралы бір жылдан кейін білген. Өйткені сол кезде оған өсімпұл және негізгі қарызы бойынша хабарлама келіп жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция бөліміне ақмолалықтың арызы 22 мамырда келіп түскен. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, өткен жылдың сәуір айында белгісіз тұлғалар оның атына "В займы" шағын несие ұйымында қарыз рәсімдегенін білген. Заңсыз әрекеттер мобильді қосымша арқылы жасалған болып шықты, алайда, бұл қандай жағдайда болғанын ақмолалық түсіндіре алмады. Оның айтуынша, мобильді құрылғы әрқашан онымен бірге болған, ол оны жоғалтпаған және үшінші тұлғаларға бермеген.
"Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Полицейлер өңірде осындай деректер апта сайын тіркелетінін атап өтті. Қарызды заңсыз рәсімдеу үшін күдіктілерге қандай да бір құжаттарсыз, ұялы телефоныңызды иемдену жеткілікті". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға, жеке мәліметтерді және ұялы телефонды үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript