Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз есепке қою фактілері анықталды

Шетелдік автокөлікті заңдастыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 20:25 Сурет: ҚР ІІМ
Мамыр айының ортасында "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ-тың Ақмола облысы бөлімшесінде жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады.

Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.

"Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 30 жастағы жігіт анықталып, оның аталған фактіге қатыстылығы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды", делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер тексеруді жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: