"Бірнеше минутта": жүргізуші куәлігінен айырылғандар оны қалай қайта ала алады
Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтарға жүргізуші куәлігін қайта алу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, тиісті өтінімді "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде беруге болады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкері Сүйіндік Ғалымұлы жүргізуші куәлігін қайта алу үшін қандай әрекеттер жасау керегін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Алдымен өтінім нөмірін алу қажет.
Ол үшін:
- "ХҚКО" мобильді қосымшасына кіру;
- "Мамандандырылған ХҚКО" бөліміне өту;
- "Көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін қалпына келтіру" қызметін таңдап, автоматты тексеруден өту;
- жүргізуші куәлігінің санатын, өңірді және мамандандырылған ХҚКО-ны таңдау керек.
- Барлық кезеңнен өткеннен кейін өтініш берушіге өтінім нөмірі беріледі.
- Одан кейін теориялық емтиханға жазылу қажет.
Ол үшін:
- "ХҚКО" мобильді қосымшасына кіру;
- "Мамандандырылған ХҚКО" бөлімінен "Теориялық емтиханға жазылу" қызметін таңдау;
- өтінім нөмірі мен телефонға келген алты таңбалы кодты енгізу;
- өңірді, мамандандырылған ХҚКО-ны, емтихан өтетін күн мен уақытты таңдау;
- енгізілген мәліметтерді мұқият тексеріп, растау және "Әрі қарай" батырмасын басу керек.
Егер экранда "Брондау сәтті аяқталды!" деген хабарлама пайда болса, теориялық емтиханға жазылу рәсімі сәтті аяқталғанын білдіреді.
Бұған дейін мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі өтініш беруші құжат тапсырған мамандандырылған ХҚКО-да ғана берілетінін хабарлаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript