Шекарада 6 млн теңгенің тауарларын заңсыз алып өту фактісінің жолы кесілді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Аталған фактіні Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы "Қарасай батыр" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 10 маусымда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қордай ауданындағы шекара басқармасы "Қарасай батыр" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде жалпы сомасы 6 млн теңгеден асып түсетін тауарларды заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті (саны 19 қорап болатын темекі стиктері)", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Уәкілетті органдармен осы құқық бұзушылық іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript