Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда алапат өрт кесірінен мейрамханадағы той қонақтары уақытынан бұрын тараған

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 22:20 Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Алматыда гараждан басталған өрт бес нысанға тарап, алапат жалын барлығын күлге айналдырған. Қызыл жалын той өтіп жатқан мейрамхананы да шарпып өткен. Соның кесірінен қуаныш иесі салтанатты шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда бес бірдей нысанды күлге айналдырған өрттен келген шығын есептеліп жатыр. Оттың нақты неден тұтанғаны да әзірге белгісіз, деп хабарлайды КТК.

"Адамдар болды. Бірақ ана жақтағы көрші ғимарат жанып жатқан кезде оларды шығарып үлгердік. Шығып үлгерді. Мына аумақтың бәрін босаттық. Өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Бірақ бәрібір қатты жалын болды. Банкет залы ғой. Енді есептеп жатырмыз. Кінә бізден емес, от бізден шыққан жоқ. Басқа жақтан келген өрт". Тойхана иесі Нұржан

Гараждан шыққан өрт күшіне мініп, жапсарлас орналасқан дәмханаға жеткен. Абырой болғанда дәмхана ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгеріпті. От сол маңдағы мейрамхана мен фаст-фуд сататын нысандарға да жеткен. Бар-жоғы 20 минуттың ішінде қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

"Өрт 20 сағат 00 минутта оқшауланып, 16 минутта жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, 64 адам бірліктіріліп, 18 техника жұмылдырылды. "Алматы судың" екі техникасы, "Алматы тазалықтан" бір техника жұмыс істеді". Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Абай Асылбаев

Алматыда 19 маусымда гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқаны, алдын ала ақпарат бойынша, өрт шамамен 500 шаршы метрді қамтығаны хабарланған болатын. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: