Шекарада ресейлік қылмыстық топқа тиесілі есірткі партиясы анықталып, тәркіленді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы "Қарасу" өткізу пунктінде шекарашылар елімізге ірі көлемдегі есірткі заттарын кіргізудің кезекті әрекетіне тосқауыл қойды. Шетелдік азамат тізгіндеген жүк көлігінен 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жүк көлігіндегі өзге тауарлардың арасына жақсылап жасырылған болып шықты.
Тәркіленген заттардың "қара нарықтағы" құны 6 млн АҚШ долларынан аса сомада бағалануда.
ҰҚК органдары есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу фактісі бойынша Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәркіленген есірткі заттары Ресей Федерациясындағы қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды. Ресейдің құзыретті органдарымен бірлескен іс-шаралар барысында есірткі трафигінің ұйымдастырушылары құрықталды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Есірткі контрабандасы арналарының жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасуда.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript