Алматы облысының полициясы екі адамды өлтірген күдіктіні іздестіріп жатыр
2023 жылдың 2 маусымында сағат 00:50 шамасында Қарасай ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Ол үйіне келгенде, бірнеше пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті үстінен түскенін айтқан.
Полиция күдіктіге қатысты бағыт-бағар жариялады:
Хуршед Абдухалилұлы Рашитов 1980 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Суерлі көшесі, № 48 "А" үй мекенжайында уақытша тұрады.
Сипаттамасы: арық денелі, бойы - 170-175 см., беті сопақша, қысқа қара шашты, төбесі таз, көздері қоңыр, қасы қалың, қыр мұрынды, ерні жұқа. Ерекше белгілері:соқырішекке жасалған ота орнында тыртық және арқасында жараның орны бар.
Үстіндегі киімі: қара қалпақ, көк жейде, көк джинсы шалбар, қара сандал.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 1-тармағының көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сай жеткілікті деректерді ескере отырып, №231952031002129 СДТБТ-да тіркелген іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды".