Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазТрансГаз Аймақтың" елордалықтарды газға қосуына тыйым салынды

Газ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 18:45 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлққа қарсы іс-қимыл департаменті мәліметіне сәйкес, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Бизнеске жол" жобасы аясында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ бәсекелестік ортаға негізсіз араласуына қатысты "Бірлік газ" кәсіпкерлер қауымдастығының өтініші шеңберінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (БҚДА) тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі және тұтынушыларды табиғи газға (үйішілік газ желілері) қосу кезінде аталған нарықта мемлекеттік компанияның қатысуын талдап, оның орынды емес екендігін анықтады.


"2019-2023 жылдары 6,3 мыңнан астам елдімекен газға қосылып, 11,6 мыңнан астам тұтынушы көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл, әрине, құрылыс-монтаждау жұмыстары қызметіне (ҚМЖ) жоғары сұранысты арттырды. Акционерлік қоғамның ҚМЖ мердігерлері мен ҚМЖ тәуелсіз жеткізушілерінің құнын талдау мен салыстыру кезінде бағалар бір диапазонда және газдандыру қарқынына әсері шамалы екенін көрсетті". Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті

Демек, АҚ ұсынатын баға ҚМЖ нарығында онсыз да неғұрлым қолжетімді ұсыныстардың болуына байланысты бәсекелестігі дамыған бұл нарықтағы бағаның индикаторы бола алмайды.

Осылайша, нарық бәсекеге қабілетті, оған 800-ден астам кәсіпкер үлесі бар. Тек Астана қаласының өзінде 141 кәсіпкер бар.

Осылайша, АҚ доминантты жағдайда ие бола отыра, ЖШС-нің бірімен ҚМЖ-ға шарт жасасқан, сондықтан кәсіпкерлер қосалқы мердігерлік ұйымдар ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Сондай-ақ, мемлекеттің тікелей араласуынсыз газдандыру қарқынын жеделдету мақсатында БҚДА тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде а.ж. 22 маусымда БҚДА Акционерлік қоғамға ҚМЖ нарығында, оның ішінде осы жұмыстарды бөгде ұйымдардан сатып алу арқылы жүзеге асыруды тоқтату қажеттілігі туралы ұйғарым шығарды", делінген ведомство хабарламасында.

Нұсқаманы орындауға 15 күнтізбелік күн берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: